Трансфер 13 тамыз 2026
Сәтпаев Премьер-лиганың ресми сайтында «Челси» құрамында көрсетілді
18 жасқа толған қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Премьер-лиганың ресми сайтында «Челсидің» 2026/27 маусымдағы құрамында тіркелді.
Клуб сайтындағы жеке профилінде Сәтпаев шабуылшы позициясында көрсетілген, ол 36-нөмірлі жейдемен ойнайды. Сәтпаев U-21 санатына жатқызылған.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Бұл тіркеу футболшының «Челсидің» 25 ойыншыдан тұратын негізгі құрамына енгенін білдірмейді. Сәтпаевтың лондондық клубпен ресми келісімшартқа қол қойғаны туралы нақты дерек жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


