Жаңалық 13 тамыз 2026
Сәтпаев «Челсиден» жалға беріледі: бірнеше клуб қызығушылық танытты
«Челси» басшылығы 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты бір жылға жалға беру туралы шешім қабылдады. Мұндай қадам жас футболшыға тәжірибе жинауға және еуропалық футболға бейімделуге көмектесуі керек.
Сәтпаевқа бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытып отыр. Солардың ішінде — француздық «Страсбур», испандық «Расинг Сантандер», ағылшындық «Халл Сити» және басқалары бар.
«Челси» басшылығы мен бапкерлер штабы жақын арада қай клубқа жалға беру керектігі туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Сәтпаевтың алдағы маусымда «Челсидің» негізгі құрамында ойнау мүмкіндігі нөлге тең.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


