Жаңалық 13 тамыз 2026
«Қайрат» шабуылшысы Жоржиньоға тізесіне операция жасалды
Алматылық «Қайрат» шабуылшысы Жоржиньо Португалиядағы Hospital Particular de Barcelos клиникасында оң тізесінің алдыңғы айқас байламын қалпына келтіру операциясынан өтті.
Футболшы бұл жарақатты Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында «Ордабасыға» қарсы кездесуде алған. Дәрігерлер оның алдыңғы айқас байламы жыртылғанын анықтады.
Операцияны португалиялық маман, доктор Луиш Мигел Силва жасады.
Жоржиньо енді «Қайраттың» медициналық штабы қадағалауымен қалпына келу кезеңіне кіріседі. Мұндай жарақаттан кейінгі реабилитация әдетте бірнеше ай уақыт алады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


