«Манчестер Юнайтед» жолдастық кездесуде 11 метрлік доптар сериясында «Лидс Юнайтедті» жеңді

Кездесудің 16-минутында Джошуа Зиркзе есеп ашты. Алайда «Лидс» ұзақ күттірмей жауап қайтарды — 29-минутта Бренден Ааронсон допты дәлдікпен қақпаға жіберді.
Тайм аяқталар алдында «Манчестер Юнайтед» тарапынан тағы бір қауіпті сәт болды: Брайан Мбемоның соққысы қақпа тірегіне тиіп қайтты. Ал екінші таймда, 80-минутта, Бруну Фернандештің добы қақпаға түскенімен, ойыннан тыс қалу себепті есепке алынбады.
Негізгі уақыт 1:1 тең есеппен аяқталған соң, жеңімпаз 11 метрлік доптар сериясында анықталды. «Лидс» атынан Доминик Калверт-Льюин мен Антон Штах өз соққыларын дәл орындады. Алайда Гарри Уилсонның соққысын «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Дермот Ми қағып шықты.
«Манчестер Юнайтед» жағынан Люк Шоу мен Матеус Кунья да өз айып доптарын дәлдікпен іске асырды. Нәтижесінде «Манчестер Юнайтед» серияда 5:4 есебімен басым түсіп, жолдастық кездесудің жеңімпазы атанды.


