Жаңалық 13 тамыз 2026
Чесноков: «Турнир кестесінде жоғары көтерілуге тырысамыз»
«Тобылдың» шеткі шабуылшысы Ислам Чесноков УЕФА Конференциялар лигасынан шығып қалғаннан кейінгі мақсаттарын атады.
«Тобыл» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Партизаннан» екі кездесуде де жеңіліп қалды: сыртта 0:3, ал өз алаңында 1:2 есебімен ұтылды.
Осыдан кейін Чесноков команда алдағы уақытта тек ішкі турнирге назар аударатынын айтты.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
«Бізде енді таңдау жоқ. Алдымызда Қазақстан премьер-лигасы қалды — 10-11 матч, финалдар. Турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары көтерілуіміз керек, соны істеуге тырысамыз», — деді ол.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


