БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 13 тамыз 2026

«Арсенал» мен «Комо» жолдастық кездесуде тең түсті

Лондондық «Арсенал» өз алаңында, «Эмирейтсте», итальяндық «Комоны» қабылдап, жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесудің 33-минутында Майлс Льюис-Скелли «Комо» қақпашысы Жан Бютездің қатесін пайдаланып, есеп ашты. Алайда 43-минутта Мартин Батурина жауап голын соғып, тайм аяқталғанша есепті теңестірді — 1:1.

Бұл матч екі команда үшін де жаңа маусым алдындағы дайындықтың бір бөлігі болды. «Арсенал» үшін бұл — маусым алдындағы соңғы кездесу, келесі ойында клуб Англия Суперкубогы аясында «Манчестер Ситиге» қарсы шығады.

«Комо» болса, осы маусымда клуб тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасында өнер көрсетпек. Итальяндық клубты Сеск Фабрегас баптайды.

Тағы оқыңыз

«Интер» жолдастық кездесуде «Ювентусты» жеңді
ПСЖ мен «Манчестер Юнайтед» жолдастық матчта тең түсті
«Манчестер Юнайтед» жолдастық кездесуде 11 метрлік доптар сериясында «Лидс Юнайтедті» жеңд
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz