Жаңалық 12 тамыз 2026
«Тобыл» Белградта жеңілген тартысты Қостанайда жалғастырады

Фото: sports.kz
Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Партизанмен» кездеседі. Жауап матчы 13 тамызда Қостанайда өтеді, басталу уақыты — Қазақстан уақытымен 20:00.
Бірінші кездесу Белградта өтті, онда «Партизан» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сол матчта Демба Сек, Ибрагим Зубайру және Шака Траоре гол соқты.
Енді «Тобыл» өз алаңында үш голдық айырманы жоюы керек. Команда жауап кездесуі қарсаңында дайындық жаттығуын өткізді.
Осы жұптың жеңімпазы плей-офф сатысында испандық «Хетафемен» кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


