«Қайрат» Түркістанда «Левскиден» ұтылып, Чемпиондар лигасынан шықты

Кездесудің жалғыз голын 13-минутта Рейналдо соқты. Гол кезінде қақпашы Темірлан Анарбеков қателік жіберді.
Есеп ашылғанына қарамастан, «Қайрат» матч барысында белсенді ойнады: қарсылас қақпасына жиырмаға жуық соққы жасап, он шақты бұрыштық доп ұтып алды. Үзілістен кейін Рейналдо көлденең ағашқа доп соқса, Сержиньюдің соққысы тік ағашқа тиіп шықты. Матчтың соңғы бөлігінде «Левски» қақпашысы Светослав Вуцев бірнеше нәтижелі сейв жасап, командасының қақпасын аман алып қалды.
Ресейлік «Футбол на Куличках» порталының матчқа жасаған талдауынша, «соңғы минуттарда бұрыштық доптардан алаң иелері есепті теңестіре алатын еді, бірақ Светослав Вуцев қақпасын "құлыптап" сақтап қалды». Сондай-ақ порталдың пікірінше, «болгариялық клуб фаворит мәртебесін ақтады, дегенмен Түркістандағы кездесуде алматылықтар Софиядағыға қарағанда әлдеқайда агрессивті шабуылдады».
Екі матчтың қорытындысы бойынша «Левски» іріктеуден өтіп, ЧЛ плей-офф кезеңінде АЕК-пен ойнайды. Ал «Қайрат» еурокубоктардағы жолын жалғастырады — команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ПАОК пен «Андерлехт» жұбының жеңімпазымен кездеседі.


