Жаңалық 12 тамыз 2026
Болгар сарапшысы: «Левски» «Қайратты» орталық аймақта санмен басып тастады

Фото: sports.kz
Болгариялық футбол сарапшысы Нико Петров Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Левскидің» бас бапкері Хулио Веласкестің «Қайратқа» қарсы тактикасын талдады.
«Левски» іріктеу кезеңінде «Қайратты» екі матчта да 1:0 есебімен ұтып, плей-офф сатысына жолдама алды. Плей-офф сатысында болгар клубы грекиялық АЕК-пен кездеседі.
Нико Петровтың бағалауынша, Веласкес алғашқы таймда-ақ орталық аймақта 4:2 санды артықшылық құруды көздеген. «Сержиньо, Бал, сонымен қатар Тердин мен Мубарик секілді қосымша нұсқалар арқылы «Левски» «Қайратты» таңдау алдына қойғысы келді: егер қабылдаушы жақ екеуге төртеу боп қала берсе, «көктер» орталықта басымдық алып, шабуылын өрбітетін еді. Ал «Қайрат» сан теңестіру үшін қорғаушысын алға шығарса, дереу қорғаныс сызығының артында бос кеңістік ашылатын еді», — деді сарапшы.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


