Жаңалық 11 тамыз 2026
Сәтпаев қосылған «Челси» Лига кубегінің 2-айналымында «Лутон Таунмен» кездеседі

Фото: kff_team
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ойнайтын лондондық «Челси» ағылшын Лига кубегінің екінші айналымында үшінші лигалық «Лутон Таунмен» бетпе-бет келеді.
Жеребе қорытындысы бойынша анықталған кездесу 24 тамыздан басталатын аптада өтеді. Бұл — «Челсидің» ағымдағы турнирдегі алғашқы матчы: 2026/27 маусымында еуропалық турнирлерге қатыспайтын өзге премьер-лига клубтары қатарында «көктер» жарысқа екінші айналымнан қосылды.
«Лутон Таун» ағылшын футболының үшінші деңгейі — Бірінші лигада өнер көрсетеді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Сәтпаев жазғы дайындық жиынын «Челсидің» негізгі құрамымен бірге өткізіп, австралиялық «Уэстерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде клуб түсінде тұңғыш голын соққан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


