Жаңалық 11 тамыз 2026
Сәтпаев испан клубының назарында: «Расинг Сантандер» жалға алуды ойлайды

Фото: sports.kz
«Челсиде» өнер көрсетіп жүрген 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевқа испаниялық «Расинг Сантандер» қызығушылық танытты. Бұл туралы Transfer Radar хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, жаңа маусымда Ла Лигада ойнайтын «Расинг Сантандер» жақындағы трансфер терезесінде Сәтпаевты өз құрамына тартуды қарастырып жатыр.
Жас шабуылшы осы жазда «Челсидің» негізгі құрамымен дайындық жинағына қатысқан. Ол «Уэстерн Сидней Уондерерсіге» қарсы жолдастық кездесуде клуб түсінде алғашқы голын соғып үлгерді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Британдық БАҚ мәліметінше, «Челси» Сәтпаевтың әлеуетін жоғары бағалайды және оны сатуды қарастырмайды. Осыған байланысты ойыншыны басқа клубқа жалға беру ең ықтимал сценарий саналады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


