Жаңалық 11 тамыз 2026
«Қайрат» — «Левски» матчына болжам жарысы жарияланды
Бүгін өтетін алматылық «Қайрат» пен болгариялық «Левски» кездесуіне арналған болжам жарысы басталды.
Жарыс шарты бойынша қатысушылар матчтың дәл есебін және соңғы голды кім соғатынын болжауы керек. 0:0 есебі қабылданбайды.
Болжамдарды @qazsporttv және @qazaqstantv Telegram-арналары арқылы сағат 19:50-ге дейін жіберуге болады. Әр қатысушы тек бір рет болжам жасай алады, кейін оны өзгертуге болмайды.
Ең бірінші дұрыс болжам жасаған қатысушы Trionda сыйлығын жеңіп алады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


