Жаңалық 11 тамыз 2026
Покатилов «Сабахтың» жеңісінде қақпасын таза сақтады
Әзербайжандық «Сабах Бакудың» қазақстандық қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жеңісті матчта қақпасына гол жібермеді. Flashscore порталы оның ойынын 8.1 баллға бағалады.
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундының жауап кездесуінде «Сабах Баку» дат клубы «Орхусты» өз алаңында 4:0 есебімен жеңді. Алғашқы матчта «Орхус» 2:1 есебімен басым түскен, ал екі кездесудің жалпы нәтижесі бойынша «Сабах Баку» 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Покатилов кездесуді толық ойнап, қақпасын таза сақтады. Flashscore бағасы бойынша, қазақстандық қақпашының көрсеткіші — 8.1 балл.
Тағы оқыңыз
Стас Покатилов «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчтың афишасына шықты
«Сабах» құрамында ең жоғары бағаны Велько Симич алды (9.0), одан кейін Джой-Ланс Микелс (8.7), Алексей Исаев (8.3) және Аким Зедадка (8.2) тұр.
Осы жеңістен кейін «Сабах Баку» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф раундына жолдама алды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


