БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Сұхбат 11 тамыз 2026

«Ақтөбе»: Ләсовтың басшылық қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат — жалған

«Ақтөбе» футбол клубы Әлихан Ләсовтың клуб басшылығына тағайындалғаны туралы таралған ақпаратты жоққа шығарды.

Клубтың ресми мәлімдемесінде Ләсов команда құрамындағы ойыншылардың бірінің өкілі ғана екені атап өтілді. Оған клубты басқару лауазымы ешқашан ұсынылмаған.

«Соңғы кезде «Ақтөбе» туралы таралған ақпаратта Әлихан Ләсовтың клуб басшылығына тағайындалғаны айтылады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — делінген клубтың мәлімдемесінде.

Сонымен қатар клуб соңғы уақытта өзі туралы жалған дерек жиі таралатынын мәлімдеді. «Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпаратқа сүйенуге және клубтың беделіне нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз», — делінген құжатта.

Клуб сондай-ақ алауыздық тудыру мақсатында жалған ақпарат таратушыларға заң жүзінде жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Тағы оқыңыз

Файзуллаевтің «Страсбурға» ауысуы туралы хабар жалған болып шықты
Ордецтің қайта МРТ-сы 15 қыркүйекте: «Ақтөбе» жарақат алған төрт ойыншы туралы хабарлады
Набиев: «Ақтөбе» — «Оқжетпес» кездесуінде гол көп болады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me