Жаңалық 11 тамыз 2026
Әдиев Қазақстаннан келген ұсынысты қабылдамады
49 жастағы бапкер Мағомед Әдиев Қазақстаннан жұмыс ұсынысы алғанын, бірақ әзірге бапкерлік қызметке оралмауды жөн көргенін айтты.
Оның айтуынша, қарқынды жұмыс кезеңінен кейін ол үзіліс алып, жаңа маусымға дейін өз идеяларын қайта саралауға назар аударуды жоспарлайды.
Соңғы кезде Ресей клубтарынан нақты ұсыныс түскен жоқ. Әдиевтің соңғы жұмыс орны — беларусьтік «МЛ Витебск» клубы, ол бұл құраманы 2024 жылдың сәуірінен маусымына дейін басқарды.
Тағы оқыңыз
Адиев «Жеңіске» бас бапкер болудан бас тартты
Еске салайық, Әдиев бұған дейін Қазақстан құрамасы мен қарағандылық «Шахтёрді» жаттықтырған. Оның басшылығымен ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу кезеңінің соңғы турына дейін жолдама алу мүмкіндігін сақтап қалды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


