БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 10 тамыз 2026

Яковлев — Беларусь чемпионатының 17-турындағы ең әдемі голдың авторы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Вадим Яковлев Беларусь футбол федерациясының шешімімен Жоғары лиганың 17-турындағы ең әдемі голды соққан ойыншы атанды.

Ол дзержинскілік «Арсеналға» қарсы үй жағдайында өткен матчта 28-минутта есеп ашты. Голды Василий Чернявскийдің пасынан соқты. Кездесу «Нафтанның» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Бұл — Яковлевтің осы маусымда Беларусь чемпионатында соққан екінші голы. Жалпы ол Жоғары лигада «Нафтан» құрамында 16 матч өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Тағы оқыңыз

ҚПЛ-ның 13-турындағы ең әдемі гол үшін дауыс беру жалғасып жатыр
Гончаренко: Беларусь құрамасы Қазақстанның орнына Венгрияны таңдады
Тұзақбаев Беларусь чемпионатына ауысу себебін түсіндірді
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz