Рикардиньо: «Қайрат» пен «Левски» кездесуінде фаворит анықтау қиын
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундындағы жауап матчы 11 тамызда Түркістанда өтеді. Бірінші кездесуде «Левски» «Қайратты» 1:0 есебімен жеңген болатын.
«Мен екі клубқа да жаны ашитын адаммын, бірақ «Левски» мен үшін ерекше клуб. «Қайратта» ойнауыма мүмкіндік туғанының өзі көбіне «Левскидегі» жетістігіме байланысты болды. «Левскидегі» кезең маған көптеген есік ашты. «Қайраттан» жақында ғана кеткендіктен, онда достарым көп қалды, командамен толықтай дерлік таныспын. «Левскиде» мен кеткеннен кейін ойыншылардың басым бөлігі ауысты, бірақ клуб пен жанкүйерлерге деген жанашырлығым әлі де зор. Фаворит таңдау қиын деп ойлаймын, бірақ бізді тамаша матч күтіп тұрғанына сенімдімін. Қай команда жеңіп, Чемпиондар лигасында жолын жалғастырса да, мен қуанышты боламын», — деді Рикардиньо.


