«Барселона» Левандовскиді клубтың «Аңыздар» тізіміне қосты
Левандовски «Барселонаға» 2022 жылдың жазында мюнхендік «Бавариядан» ауысқан болатын. Ол клубпен төрт маусымға келісімшарт жасасқан еді.
Бірінші маусымында 23 гол соғып, Ла Лиганың үздік бомбардирі атанды. Екінші маусымда барлық турнирлерде 26 гол салды. Үшінші маусымы одан да сәтті шықты — 42 гол, сонымен қатар «Барселонаны» ел чемпионаты мен кубогында дуплетке жеткізді. Осы кезеңде Левандовски «Барселона» құрамында 100 голдық межеден өтіп, Чемпиондар лигасында 100+ гол соққан ойыншылар қатарына қосылды.
2025/26 маусымында, негізінен қосалқы құрамда бола тұра, поляк шабуылшысы тағы 19 гол соқты. Қорытындысында ол «Барселона» құрамында төрт маусымда барлық турнирлерде 120 гол соғып, клубтың тарихи бомбардирлер тізімінде 14-орынды иеленді.
Левандовски 2026 жылдың жазында «Барселонамен» жолын айырды. Ол ұзақ жылдар бойы Польша құрамасының капитаны болды. Қазір поляк шабуылшысы АҚШ-тың Негізгі футбол лигасында (MLS) ойнайды — ол «Чикаго Файр» сапында өнер көрсетеді.


