Жаңалық 10 тамыз 2026
«Астана» «Оқжетпесті» жеңіп, үшінші орынға көтерілді
ҚПЛ-дың 21-турында «Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Есепті бұрыштық доптан кейін басымен соққан қонақтардың ойыншысы Борис Лотоцкий ашты. «Астана» құрамындағы голдарды Карло Бартолец пен Марин Томасов соқты, ал Томасов үшін бұл — клуб сапындағы 101-гол.
Жеңістен кейін «Астана» 38 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. «Оқжетпес» 33 ұпаймен төртінші орында қалды.
«Меніңше, бұл біз үшін өте маңызды матч, қажетті үш ұпай еді. Есепті ертерек шешуге мүмкіндігіміз болды, соңғы он минутта тәуекелге бармауға да болатын еді, ол кезде қарсылас есепті теңестіріп кетуі мүмкін еді. Дегенмен, жалпы алғанда бұл біз үшін маңызды үш ұпай», — деді «Астана» бапкері Никола Бурич.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


