Жаңалық 9 тамыз 2026
Ван 'т Шкип бас бапкер ретінде «Астана» — «Оқжетпес» кездесуін бақылады
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван 'т Шкип «Астана Арена» стадионында өткен «Астана» мен «Оқжетпес» арасындағы Қазақстан премьер-лигасының матчына бүкіл бапкерлер штабымен келді.
Голланд маманымен бірге трибунада ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мен техникалық директор Геннадий Скыртул отырды. Сондай-ақ бас бапкердің көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене шынықтыру дайындығы жөніндегі маман Вадим Боровский және талдаушы-бапкер Тимур Құсайынов та матчта болды.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев «Бернлиде» дебют жасады, Ван'т Шкип онымен сөйлесті
ҚФФ хабарлағандай, ҚПЛ матчтарына бару жаңа бапкерлер штабы жұмысының бір бөлігі саналады. Мұндай сапарлардың басты мақсаты — отандық футболшылардың деңгейін бағалап, ұлттық құрамаға әлеуетті үміткерлерді анықтау.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


