Жаңалық 9 тамыз 2026
УЕФА Суперкубогы: ПСЖ мен «Астон Вилла» Зальцбургте кездеседі
УЕФА Суперкубогы аясында париждік ПСЖ мен ағылшындық «Астон Вилла» Австрияның Зальцбург қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында сынға түседі.
Матч Қазақстан уақытымен 12–13 тамызға қараған түні сағат 00:00-де басталады. Кездесудің тікелей эфирін қазақстандық көрермендерге Qazsport телеарнасы ұсынады.
ПСЖ өткен маусымда Чемпиондар лигасының финалында «Арсеналды» негізгі уақыттағы 1:1 есебінен кейінгі 11 метрлік соққылар сериясында 4:3 есебімен жеңіп, трофейді қолға алды. «Астон Вилла» болса Еуропа лигасының финалында «Фрайбургты» 3:0 есебімен жеңіп, кубокты иеленді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


