Жаңалық 8 тамыз 2026
Жагоров «Ордабасының» ұсынысынан бас тартып, «Тобылда» қалды
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Наурызбек Жагоров шымкенттік «Ордабасының» ұсынысын қабылдамай, қостанайлық «Тобылда» қалуды таңдады.
28 жастағы атыраулық қорғаушы еурокубоктарда ойнау үшін «Тобылдан» кетуден бас тартты. «Тобыл» қазір Еуропа конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде күресін жалғастырып жатыр.
Ағымдағы маусымда Жагоров Қазақстан премьер-лигасында 18 матч өткізді. Сонымен қатар ол Қазақстан кубогында 2 кездесуде, Еуропа конференциялар лигасында 3 матчта алаңда болды.
Тағы оқыңыз
Жагоров: Ертең барымызды саламыз
Жагоров Қазақстан ұлттық құрамасына жүйелі түрде шақырылып жүр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


