БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 8 тамыз 2026

«Қайсар» — «Тобыл» кездесуі кестеден шығарылды

ҚПЛ-ның 21-турындағы қызылордалық «Қайсар» мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы матч кейінге қалдырылды.

Кездесудің кейінге шегерілуіне «Тобылдың» УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде ойнауы себеп болды. Шешімді кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясы қабылдады.

«Тобыл» жауап кездесуіне дайындалып жатыр — қостанайлық клуб Конференциялар лигасының 3-іріктеу кезеңінде белградтық «Партизанға» қарсы шығады.

Сонымен қатар «Тобыл» «Қайсардың» матчқа дайындалу барысында жұмсаған барлық шығынын өтеуге келісті. Кездесудің жаңа күні кейінірек жарияланады.

Тағы оқыңыз

«Қайсар» мен «Тобыл» кездесуі бастапқы кестеде қалды
«Ұлытау» — «Қайсар» кездесуі кейінге қалдырылды
«Паневежис» пен «Тобыл» кездесуі басталды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz