Матч 7 тамыз 2026
«Тобыл» Чемпиондар лигасы іріктеуінде «Партизаннан» ірі есеппен ұтылды
УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қостанайлық «Тобыл» белградтық «Партизанға» бірінші матчта 3:0 есебімен ұтылды.
Кездесуде голдарды Сек (32-минут), Зубайру (64) және Траоре (қосылған уақытта, 90+4) соқты.
Екі команда арасындағы жауап кездесуі 13 тамызда Қостанайда өтеді. «Тобылға» келесі кезеңге жолдама алу үшін ірі есеппен жеңіске жету қажет.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


