«Рейнджерс» ПСВ-нің шеткі шабуылшысына 6 миллион фунт ұсынды
Дриуеш ПСВ сапына 2024 жылы қосылған. Осы уақыт аралығында ол 61 матчта 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Өткен маусымда Чемпиондар лигасында үш рет тор жарды.
Шабуылшы Нидерландта дүниеге келген, бұған дейін «Херенвен» мен «Эксельсиор» сапында ойнаған. Марокконың U23 жасқа дейінгі құрамасында да ойнады.
Еске салайық, «Рейнджерс» жақында жапондық Дайсуке Йокотаны сапына қосты. Ойыншы дебютін Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ягеллонияға» қарсы өткен алғашқы матчта жасады, кездесу 2:1 есебімен жеңіліспен аяқталды.
Шотландиялық клуб трансфер нарығында тағы бір бағытта белсенді: «Фрозиноненің» Алжир құрамасының ойыншысы Фарес Гежемиске 8 миллион фунт ұсынған. Алайда италиялық клуб футболшыны 13-17 миллион фунт аралығында бағалап отыр.


