Әлем футболы 5 тамыз 2026
«Қайрат» — «Левски» матчының төрешілері белгілі болды
УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундындағы «Қайрат» пен болгариялық «Левски» арасындағы қайтарым кездесуге төрешілер тағайындалды.
Түркістанда 11 тамызда өтетін матчты неміс төрешісі Даниэль Зиберт басқарады. Оған көмекші төрешілер ретінде Ян Зайдель мен Рафаэль Фёльтин тағайындалды.
Матчтың төртінші төрешісі — Макс Бурда. VAR жүйесімен Кристиан Дингерт пен Йоханн Пфайффер жұмыс істейді. Төрешілердің барлығы — Германия өкілдері.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


