Трансфер 5 тамыз 2026
Паулу Бернарду «Гурник Забже» құрамына жалға берілді
Шотландияның «Селтик» клубы 24 жастағы жартылай қорғаушы Паулу Бернардуды Польшаның «Гурник Забже» клубына жалға берді. Келісімде ойыншыны сатып алу құқығы қарастырылған.
Бернарду «Селтикке» 2023 жылы «Бенфикадан» жалға келген. Оның жалдау мерзімі 2024 жылдың жазында тұрақты трансферге ұласқан.
«Селтик» сапында португалиялық футболшы 97 матч өткізіп, 7 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Енді ойыншы мансабын Польшада жалғастырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


