Жаңалық 5 тамыз 2026
«Ливерпуль» ПСЖ-нің шеткі шабуылшысы Мбайеге қызығушылық танытты
Ағылшынның «Ливерпуль» клубы париждік ПСЖ-нің 18 жастағы шеткі шабуылшысы Ибраһим Мбайенің трансферін қарастырып жатыр.
Негізінен оң қанатта ойнайтын Мбайе ПСЖ сапында 2024 жылдың тамызында, әлі 16 жасында дебют жасаған. Содан бері клуб құрамында 42 матч өткізді. Ол — Сенегал құрамасының ойыншысы, сондай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатында гол соғып, турнирдегі ең жас африкалық голшы атанды.
«Ливерпуль» Мбайеден бөлек ПСЖ-нің тағы бір шеткі шабуылшысы Брэдли Барколаға да қызығушылық танытып отыр. ПСЖ Барколаны 145 миллион фунт деп бағалайды. Дегенмен «мерсисайдтықтар» екі футболшыға да ресми ұсыныс жасаған жоқ.
Тағы оқыңыз
«Ливерпуль» Мбайе трансферінен бас тартты — ПСЖ-нің қойған бағасы тым жоғары болды
Жазғы трансфер терезесінде «Ливерпуль» қатарына Виктор Муньос қосылған болатын. Клубтан Мұхаммед Салах кеткен, ал жаңа бас бапкер қызметін Андони Ираола атқарады. Клуб трансфер терезесі жабылғанға дейін құрамында бес шеткі шабуылшы болғанын қалайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


