Жаңалық 4 тамыз 2026
Sky Sports сарапшысы: «Селтиктің» Джонстонды сатуға асығуының қажеті жоқ
Sky Sports сарапшысы Джеймс Макфадденнің пікірінше, шотландиялық «Селтик» канадалық қорғаушы Алистер Джонстонды сатуға асықпауы керек.
Клубты алдағы екі аптада УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «ЛАСК» командасымен кездесу күтіп тұр. Осыны ескере отырып, Макфадден клубтың асығыс шешім қабылдамағанын жөн санайды.
«Селтиктің» оны сатуға асығуының қажеті жоқ деп ойлаймын. Асығатын ештеңе жоқ», — деді ол.
Тағы оқыңыз
О'Нил: «Эвертон» Джонстонға қатысты «Селтикпен» байланысқа шықты
Сарапшының айтуынша, клуб не Чемпиондар лигасындағы іріктеу кезеңінен кейін, не Джонстонға алмастырушы тапқанша күте алады.
«Егер Джонстон кеткен жағдайда оның орнына дайын ойыншы бар екенін білсе, бәрі жақсы. Ал алмастырушы дайын болмаса, сатуға асықпас едім», — деді Макфадден.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


