Жаңалық 4 тамыз 2026
Имнаидзе добы тиген баладан кешірім сұрады
«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы Лука Имнаидзе матч кезінде трибунадағы жанкүйер балаға доп тигізіп алғаннан кейін, кездесу соңында кешірім сұрады.
Оқиға матч кезінде болды: Имнаидзе соққан доп кездейсоқ трибунада отырған жас жанкүйерге тиіп кетті. Футболшы сол сәтте бұған назар аудармады.
Матчтан кейін болған жайттан хабардар болған соң, Имнаидзе арнайы алаңға қайта шығып, баламен кездесіп, кешірім сұрады.
«Жеңіс» клубы қазір баланың отбасын іздеп жүр. Клуб оларды алдағы матчтардың біріне шақырып, сыйлық табыстамақшы.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


