Трансфер 4 тамыз 2026
«Астон Вилла» кәмелетке толмаған шабуылшыны тіркеп үлгерді
Спорттық төрелік соты (CAS) кәмелетке толмаған футболшылардың халықаралық трансферіне қатысты ФИФА ережелеріне қарсы шағымды қанағаттандырғаннан кейін, «Астон Вилла» 17 жастағы шабуылшы Брайан Маджоны ресми тіркеуден өткізді.
Лондонда дүниеге келген Маджо бала кезінде Люксембургке көшіп барған. Ол француздық «Мецтен» қаңтарда келген еді.
Жазғы дайындық кезеңінде жас шабуылшы төрт гол соғып, оның ішінде «Уолсоллға» қарсы жолдастық кездесуде дубль жасады.
Енді Маджо алдағы маусымда «Астон Вилла» құрамында ресми матчтарға шыға алады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


