Трансфер 3 тамыз 2026
«Уэст Хэм» Энгельс үшін «Селтикпен» келіссөз жүргізіп жатыр
Лондондық «Уэст Хэм» бельгиялық жартылай қорғаушы Арне Энгельсті сатып алу үшін «Селтикпен» келіссөз жүргізіп жатыр. Шотландиялық клуб ойыншы үшін шамамен 25 миллион фунт сұрап отыр.
22 жастағы Энгельстің «Селтикпен» келісімшарты тағы екі жылға жарамды. Ойыншыға «Уэст Хэмнен» бөлек басқа да Англия премьер-лигасы клубтары қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін «Ноттингем Форестің» Энгельс үшін жасаған бірнеше ұсынысын қысқы трансфер терезесінің соңғы күнінде «Селтик» қабылдамаған болатын.
Тағы оқыңыз
О'Нил: «Энгелстің кетуіне өкінішті, қаңтарда Форесттің 25 миллион фунттық ұсынысынан бас тартқа
«Жартылай қорғаушы үшін ұсыныс түсті, бірақ ол біздің бағамыздан мүлде алшақ», — деді «Селтиктің» бас бапкері Мартин О'Нил.
Еске салайық, «Ноттингем Форестің» қазіргі басты нысанасы — «Спурсте» ойнайтын 20 жастағы Лукас Бергвалл. Ал «Селтик» осыдан бөлек «Будё/Глимттен» шабуылшы Каспер Хогты клуб рекорды болған соманы төлеп сатып алды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


