Әлем футболы 3 тамыз 2026
«Қайрат» «Левскиді» ұтса, плей-офф кезеңінде кіммен ойнауы мүмкін
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші раундында болгариялық «Левскиді» ұтқан жағдайда, плей-офф кезеңіне жолдама алады. Сағат 15:00-де өтетін жеребе тарту рәсімі қазақстандық клубтың ықтимал қарсыласын анықтайды.
Тізім бойынша «Қайраттың» ықтимал қарсыластары қатарында «Хапоэль» (Беэр-Шева) немесе «Црвена Звезда», «Динамо» (Загреб) немесе Каунас «Жальгирисі», шотландиялық «Селтик», «Мьельбю» немесе «Слован», сондай-ақ «АЕК» бар.
Бұл тізім «Қайрат» үшінші раундта «Левскиден» жоғары болған жағдайда ғана күшіне енеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


