Жаңалық 2 тамыз 2026
«Ордабасы» қосымша уақытта гол соғу бойынша көш бастап тұр
Андрей Мартин бапкерлік ететін шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан премьер-лигасында қосымша уақытта соғылған голдар саны бойынша көшбасшыға айналды.
Статистикалық деректерге сүйенсек, «Ордабасы» осы маусымда қосымша уақытта 7 гол соғып үлгерген. Бұл көрсеткіш бойынша клуб турнирде бірінші орында тұр.
Тағы оқыңыз
«Барселона» Жерар Мартинмен келісімшартты жаңартпақ
Аталған кездесулерде кеш соғылған голдар «Ордабасыға» 8 ұпай әкелген. Дегенмен командада керісінше жағдай да орын алған: соңғы минуттарда өз қақпасына гол жіберуі салдарынан жоғалтқан ұпай саны бойынша да «Ордабасы» көш бастап тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


