Трансфер 2 тамыз 2026
«Челси» Жоао Педруға жаңа келісімшарт ұсынбақ
Лондондық «Челси» бразилиялық шабуылшы Жоао Педруға жақсартылған шарттармен жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр.
Джеймс Савундраның хабарлауынша, Педру «Челсидегі» алғашқы толық маусымында көзге түсіп, жаңа келісімшартпен марапатталуы тиіс.
24 жастағы шабуылшы 2024 жылдың жазында «Брайтоннан» 60 миллион фунтқа дейінгі соманы құрайтын трансферлік ақыға ауысқан болатын. 2024/25 маусымында ол 50 матчта 20 гол соғып, Клубтар арасындағы әлем чемпионатында үш гол салған.
Тағы оқыңыз
Алонсо: Жоау Педру көп жағынан Бенземаны еске салады
Қазіргі уақытта Педрудың «Челсимен» келісімшарты 2033 жылға дейін жасалған, ол сегіз жылға есептелген. Бұған дейін клубта Мойзес Кайседо, Рис Джеймс және Коул Палмер де жақсартылған шарттармен келісімшарттарын ұзартқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


