«Тоттенхэм» өнер көрсетіп, «Челсиден» 2:1 есебімен есе қайтарды
Кездесудің 21-минутында есепті Сандро Тонали ашты. Бұл — «Ньюкаслдан» 100 миллион фунтқа ауысқан шабуылшы жартылай қорғаушының жаңа клубындағы тұңғыш голы.
Екінші таймда «Челси» есепті теңестірді: Эштевао басымен соққан доп қақпаға дәл барды. Алайда содан кейін көп ұзамай «Тоттенхэм» қиын жағдайға тап болды — алмастыруға шыққан Кевин Дансо төрт минуттан кейін қызыл карточка алып, алаңнан қуылды.
Он ойыншымен ойнауға мәжбүр болғанына қарамастан, «Тоттенхэм» жеңісін қолдан шығармады. Қосымша уақыттың 92-минутында Ричарлисон дәл соғып, командасын жеңіске жеткізді.
Екі команда да қақпаға 4 дәл соққы жасады. «Тоттенхэм» қақпашысы Антонин Кински Жоао Педро мен Эштеваудың соққыларын керемет ойып қалды.
Бұл кездесу — Роберто Де Дзерби бас бапкер болған «Тоттенхэмнің» дайындық кезеңіндегі қатарынан төртінші жеңісі болды. Сонымен қатар Энди Робертсон клуб түсінде алғаш рет негізгі құрамда шықса, Ян Пауль ван Хеке «Тоттенхэм» сапында дебют жасады.


