Трансфер 1 тамыз 2026
«Тобылға» ауысқан Лиссакович лимитке кедергі болды, Вукчевич тізімнен шықты
Костанайлық «Тобыл» беларусьтік шабуылшы Виталий Лиссаковичпен келісімге келді. Алайда бұл трансфер клубты шетелдік ойыншылар лимитінен асырып жіберді.
Лиссакович қосылғаннан кейін «Тобыл» құрамындағы легионерлер саны 11-ге жетті. Ал ҚПЛ ережесі бойынша бір клубта ең көбі 10 шетелдік футболшы болуы тиіс.
Лимитке сәйкес келу үшін черногориялық қорғаушы Марко Вукчевич команданың құрам тізімінен шығарылды. 33 жастағы ойыншы маусымда ауыр жарақат алған болатын.
Бұл ретте Вукчевичтің «Тобылмен» келісімшарты бұзылған жоқ. Ойыншы ағымдағы маусымның соңына қарай толыққанды жаттығуға оралады деп күтілуде.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


