КПЛ 1 тамыз 2026
«Қайрат» пен «Жеңістің» КПЛ-дағы 21-тур кездесуі кейінге қалдырылды
Қазақстан премьер-лигасының 21-туры аясындағы «Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы матч кейінге шегерілді.
Ел чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысып жатқанын алға тартып, кездесуді кейінге қалдыруды сұраған. «Жеңіс» тарапы бұл өтінішке келісім берді.
Еске салайық, өткен маусымда да «Жеңіс» «Қайраттың» халықаралық турнирлерге қатысуына байланысты матчты кейінге қалдыруға келіскен болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


