Әлем футболы 1 тамыз 2026
«Қайрат» пен «Тобыл» еуропалық кубоктардың іріктеу кезеңінде сынға түседі
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 3-іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскимен», ал қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының осы кезеңінде сербиялық «Партизанмен» күш сынасады.
«Қайраттың» бірінші кездесуі 4 тамызда қонақта өтеді, ойын Қазақстан уақытымен сағат 22:30-да басталады. Жауап матчы 11 тамызда Түркістанда өткізіледі.
«Тобыл» болса «Партизанмен» алғашқы кездесуін 6–7 тамызға қараған түні Белградта, түн ортасында (00:00) өткізеді. Жауап матчы 13 тамызда Қостанайда өтеді.
Екі кездесуді де Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


