БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Әлем футболы 1 тамыз 2026

«Қайрат» пен «Тобыл» еуропалық кубоктардың іріктеу кезеңінде сынға түседі

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 3-іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскимен», ал қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының осы кезеңінде сербиялық «Партизанмен» күш сынасады.

«Қайраттың» бірінші кездесуі 4 тамызда қонақта өтеді, ойын Қазақстан уақытымен сағат 22:30-да басталады. Жауап матчы 11 тамызда Түркістанда өткізіледі.

«Тобыл» болса «Партизанмен» алғашқы кездесуін 6–7 тамызға қараған түні Белградта, түн ортасында (00:00) өткізеді. Жауап матчы 13 тамызда Қостанайда өтеді.

Екі кездесуді де Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Тағы оқыңыз

«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Омонияны» қабылдайды
«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Омонияға» қарсы шығады
«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде кипрлік «Омониямен» кездеседі
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me