Трансфер 1 тамыз 2026
«Эвертон» Норгордты 7 миллион фунтқа сатып алады
Лондондық «Арсенал» мен «Эвертон» 32 жастағы дат жартылай қорғаушысы Кристиан Норгордтың трансфері бойынша келісімге келді. Мәміле құны — 7 миллион фунт стерлинг.
Норгорд келесі аптада «Эвертонда» медициналық тексеруден өтеді. Клубтың бас бапкері — Дэвид Мойес.
«Эвертон» дат ойыншысын келісімшарты аяқталған Идрисса Гейенің орнына алып отыр. Өткен маусымда Норгорд «Арсенал» сапында барлық турнирде 20 матч өткізді, оның жетеуі Ағылшын премьер-лигасында болды.
Тағы оқыңыз
Норгор «Арсеналдан» кетуге жақын: «Эвертонда» медициналық тексеруден өтеді
Еске салайық, Норгорд «Арсеналға» өткен жазда «Брентфордтан» 15 миллион фунтқа ауысқан еді. Мәміле аяқталса, ол «Эвертонның» осы жаздағы төртінші жаңа легионері атанады — бұған дейін клуб Хайден Хэкниді (24 млн фунт), Тайрик Джорджды және Мерлин Рольді тұрақты негізде тіркеген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


