Жаңалық 31 шілде 2026
Реднапп: «Ньюкаслды» басқару қазір оңай емес
Sky Sports сарапшысы Джейми Реднаппың пікірінше, ағылшындық «Ньюкасл Юнайтед» клубын басқару қазір айтарлықтай қиын міндетке айналған.
Сарапшының айтуынша, өткен жылғы Александр Исактың трансфері, сондай-ақ Сандро Тонали мен Бруну Гимарайыштың клубтан кету ниеті — мұның бәрі бас бапкер Эдди Хауға кері әсер еткен жайттар.
«Өткен жылы-ақ жағдайдың оңай болмайтынын сезген едім. Оған қарсы бірнеше нәрсе тұрды», — деді Реднапп.
Оның сөзінше, клубқа қазір жақсы жаңалық қажет: «Қазір оны басқару өте қиын клуб сияқты, оларға жақсы жаңалық керек».
Реднапп Хаудың рөлін де атап өтті: «Эдди клуб туралы жалпы түсінікті өзгертті. Ол жақсы көңіл-күй сыйлады, ньюкаслдықтарға көп қуаныш әкелді».
Хаудан кейін «Ньюкаслды» Red Bull моделі бойынша тәжірибесі бар жаңа бапкер басқарады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


