Жаңалық 31 шілде 2026
«Қызылжар» — «Ақтөбе» кездесуіне төрешілер тағайындалды
Қазақстан премьер-лигасының 20-турында 1 тамызда өтетін «Қызылжар» — «Ақтөбе» кездесуін астаналық Айдын Тасыбаев басқарады. Тағайындауды ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті жариялады.
Бас төрешіге астаналық Нұржан Юнисов пен қызылордалық Төребек Жақсылық көмектеседі. Матчтың төртінші төрешісі — атыраулық Айбек Мұхат.
VAR жүйесіне талдықорғандық Сергей Ноженко жауап береді, оның көмекшісі — алматылық Рустам Омаров. Матч инспекторы қызметін петропавлдық Александр Гаузер атқарады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


