Жаңалық 31 шілде 2026
Маулен: Тұяқбаев пен Бекболатовқа көбірек мүмкіндік беру керек
Комментатор Маулен «Қайрат» құрамындағы Азамат Тұяқбаев пен Исмаил Бекболатовқа көбірек мүмкіндік берілуі керегін айтты.
Мауленнің бағалауынша, екі жас ойыншының да әлеуеті жоғары.
«Бұрын бізде Дастан болды. Бірге ойнадық, екі аяғымен де соққан, кез келген жерден гол соғып жіберетін», — деді ол.
Оның пікірінше, Тұяқбаев пен Бекболатовқа сенім артылса, олар өзін дәлелдей алады.
«Меніңше, Азамат Тұяқбаев пен Исмаил Бекболатовқа көбірек мүмкіндік берілсе, олар дәлелдейді. ҚПЛ-де де, еурокубоктарда да сенім болса, ақтайды», — деді Маулен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


