Сұхбат 31 шілде 2026
Мареска: «Родримен арнайы сөйлескен жоқпыз»
«Манчестер Ситидің» бас бапкері Энцо Мареска Родридің болашағы туралы сұраққа жауап берді. Ол бұл мәлімдемені Гонконгте, «Интер Миланмен» жолдастық кездесу қарсаңында жасады.
Родри соңғы кезде Мадридтің «Реалына» ауысады деген хабарлармен байланыстырылып келеді. Дегенмен Маресканың айтуынша, клуб ішінде бұл тақырып арнайы талқыланған емес.
«Маусым аяқталғанда оның басты назары Әлем чемпионатында болды. Қазір демалып жүр. Родриге арнайы бағытталған әңгіме болған жоқ. Алғашқы баспасөз конференциясында айтқанмын: әлемдегі кез келген бапкер Родриді қалайды, өйткені ол — топ деңгейдегі ойыншы. Бұл мен үшін де, клуб үшін де маңызды. Қазір оған демалыс керек, өйткені жақында үш күнде бір ойнайтын кезең басталады», — деді Мареска.
Тағы оқыңыз
Родри «әлсіз» деп айтқаны үшін «Валенсиядан» кешірім сұрады
«Манчестер Сити» «Интер Миланмен» жолдастық кездесуді Гонконгте сенбіде өткізеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


