Трансфер 31 шілде 2026
«Манчестер Юнайтед» Льюис Холлға көз тіккен
«Манчестер Юнайтед» «Ньюкаслдың» 21 жастағы сол жақ қорғаушысы Льюис Холлды сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Sky Sports News хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, наурыз айынан бері «Манчестер Юнайтед» жазғы трансфер тізіміне Холлды қосып қойған. Футболшының «Ньюкаслмен» келісімшарты тағы үш жылға созылады, ал клуб ойыншысын сатуға құлықсыз.
«Манчестер Юнайтедтің» бұл қадамға баруы сол жақ қорғаушы Люк Шоудың келісімшарты бір жылдан кейін аяқталатынымен, әрі Тайрелл Малацияның клубтан тегін трансфермен кеткенімен байланысты болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз
«Ньюкасл Юнайтед» сол жақ қорғаушы Холлмен келісімшартын ұзартты
Клуб басшылығы жаз мезгілінде үшінші орта шебер ойыншысы мен қосымша шабуылшы алу мәселесін де қатар қарастырып отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


