УЕФА: Инфантино әлем чемпионатындағы үлесті сатса, турнирлерге қатыспаймыз
Ұйымның мәлімдемесі 55 мүше конфедерацияның төтенше жиынынан кейін жарияланды. Егер бойкот іске асса, кезекті ірі турнир — келесі жазда Бразилияда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионаты зардап шегуі мүмкін. Ал 2030 жылғы әлем чемпионатын Испания, Португалия және Марокко бірлесіп өткізу жоспарланған.
Sky Sports сарапшысы Кавех Солхекол бағасы бойынша, бұл — УЕФА тарапынан Инфантиноға қатаң ескерту.
«Бұл — УЕФАның Инфантиноға: жетер, деп айтуы. Біз мұны істеуге жол бермеймiз. Осы даулы ұсыныстарды өткізуге дауыс жеткілікті деп ойласаңыз да, біз сіздің болашақ турнирлеріңіздің ешқайсысында ойнамаймыз», — деді ол.
Солхеколдың айтуынша, бұл — УЕФАның бірлігін және оның Инфантиноның әлем чемпионатындағы үлесті сату жоспарына толықтай қарсы екенін көрсетеді.
ФИФА турнирлеріндегі 20 пайыздық үлесті сату жоспары талқылануда.


