Матч 30 шілде 2026
«Қайрат» 14 күнде 5 матч өткізіп, қиын кезеңнен өтті
Алматылық «Қайрат» соңғы 14 күнде бес матч өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жетті.
Осы кезеңде «Қайрат» алдымен «Сутьесканы» 2:0 есебімен жеңді, одан кейін «Атырауды» 3:1 есебімен ұтты. Сосын «Омонияға» 0:1 есебімен ұтылды. Бұдан соң команда «Ордабасыны» 2:1 есебімен, ал қайта кездескен «Омонияны» 1:0 есебімен жеңе білді.
Осындай тығыз кестеден кейін команда ойыншыларына екі күндік демалыс берілді.
«Қайраттың» келесі матчы 4 тамызда болгариялық «Левскиге» қарсы, қонақта өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


