Грилиш: Мені құрамнан шығарған жоқ, мен жарақаттымын
Ойыншының айтуынша, ол әлі жарақатынан толық сауыға қойған жоқ, сол себепті жаттығуларға қосыла алмай отыр.
«Жарақаттан әлі сауығып келе жатқанымды білдіргім келеді, сондықтан жаттығып жүрген жоқпын. Мені құрамнан «шығарған» жоқ, бос сөз таратуды қойыңдар», — деп жазды Грилиш.
Футболшының «Манчестер Ситимен» келісімшартының соңғы маусымы жүріп жатыр. Клубтың жаңа бас бапкері, Пеп Гвардиоланың орнына келген Энцо Мареска да Грилиш туралы айтып, оны клуб ойыншысы деп атады.
«Қазіргі уақытта ол осында, ол — «Манчестер Ситидің» ойыншысы. Мен қай клубқа барсам да, командаға тиесілі ойыншыларды білгім келеді. Джекпен қоштасқаннан бері жақсы қарым-қатынастамыз, хабарласып тұрамыз, себебі оның жүрегі кең және ол өте жақсы жігіт», — деді бұрын «Челсиді» жаттықтырған Мареска.


