Жаңалық 30 шілде 2026
«Ақтөбе» дат маманы Гроонемаркқа ақша төлей алмай отыр
«Ақтөбе» футбол клубы ауттан доп лақтыру жөніндегі дат маманы Томас Гроонемаркке қарызын жабудың жолын іздестіріп отыр.
Гроонемарк — бұрын «Ливерпульде» жұмыс істеген маман. Ол «Ақтөбемен» бірлесіп жұмыс атқарған, алайда клуб оған ақша төлеуге үлгермеген.
Тараптар арасында жазбаша келісімшарт жоқ. ASnews.kz мәліметінше, Гроонемарк пен клубтың бұрынғы басшысы Арман Оспанов арасында ауызша келісім болған. Дәл осы жазбаша құжаттың жоқтығы қарызды өтеу мәселесін қиындатып отыр.
Клуб қазір осы жағдайдан шығудың жолын қарастырып отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


